Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Автобус 150 метр биіктіктен құлап, 14 адам ажал құшты

18.11.2018 | 12:04
Автобус 150 метр биіктіктен құлап, 14 адам ажал құшты

Үндістанның солтүстігінде автобус шатқалға құлап, кем дегенде 14 адам қаза тапты, тағы 13-і зардап шекті, деп хабарлайды Nyoooz порталы.

Апат жексенбі, 18 қараша күні Уттаркаши округіндегі тау жолының күрделі учаскесінде болған.

Алдын ала деректерге қарағанда жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік 150 метр биіктіктен құлаған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар, полицейлер мен дәрігерлер  жұмыс істеп жатыр. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары тексерілуде.

 
Көрілді: 408
Жаңартылған: 19.11.2018 | 12:06
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат