Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оңтүстікте тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр

16.11.2018 | 17:39
Оңтүстікте тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр

Қазақстанның оңтүстігінде отбасы-тұрмыстық салада орын алатын құқық бұзушылық саны 280 пайызға артып отыр. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова айтты.

«Бүгін халық үшін аса маңызды мәселелердің бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайын қараймыз. Оңтүстік Қазақстанның, ал бүгінгі Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағында соңғы 2 жылда жүргізілген «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының қорытындысын талқылаймыз», - деді ол ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жобаның басты мақсаты - отбасылық-тұрмыстық салада орын алатын құқық бұзушылықтардың санын барынша төмендету болған. Бүгінде жоба аясында нақты жетістіктер де бар деуге болады. Дегенмен, оңтүстік өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсіп отырғанын да атап өткен жөн.

«Өкінішке қарай, бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстанда отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтың саны 280 пайызға артып отыр. Бір жағынан бұл жобамыздың арқасында адамдардың үнсіз қалмай, жүгінуге бет алғанын көрсетеді. Яғни, бұл саладағы ағартушылық жұмыстардың нәтижесінде халық тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін айтып, жиі жүгіне бастады. Мұндай жобаның алғашқы нәтижесі - барлық уақытта да құқық бұзушылықтың артуы. Қазір мұндай фактілерді көптеп анықтала бастады. Дегенмен, бұл жұмысты баялату керек деген сөз емес», - деді Салтанат Тұрсынбекова.

 
Көрілді: 542
Жаңартылған: 16.11.2018 | 18:22
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат