Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

СҚО инспекторлары 16 аққуды аяздан құтқарды

14.11.2018 | 21:57
СҚО инспекторлары 16 аққуды аяздан құтқарды

10-11 қараша күндері Солтүстік Қазақстан орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары 16 аққуды суықтан құтқарып қалды.

«Аққулар Петропавлға жақын маңдағы мұз қатқан су айдынында көзге түскен. Олар ұядан кеш шыққан балапандар болса керек. Ауланған құстар суы қатпайтын (№2 ЖЭО салқындатушы су айдыны) Белое көліне көшірілді», - деп жазды желідегі парақшасында ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Инспекция қызметкерлері осындай жағдайларды анықтап, жамандықтың алдын алу үшін облыс аумағында үнемі тексерістер жүргізіп отырады.

 
Көрілді: 457
Жаңартылған: 14.11.2018 | 22:00
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат