Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бақауов бастап, Көлгінов қостап...

08.11.2018 | 17:12
Бақауов бастап, Көлгінов қостап...

Назарбаевтың «әр өңір Түркістанға бір-бір нысан салып берсін» деген тапсырмасынан кейін Түркістанға Павлодар облысының бас сәулетшісі Нұрлан Қақамбаев пен Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді.

Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев қонақтардың қатысуымен  арнайы жиын өткізіп, Түркістанда аталған қос өңір салып беретін  тарихи-мәдени нысанның құрылысын талқылады. Түймебаев мойынға алған міндетін атқаруға алғаш болып кіріскен Батыс Қазақстан облысының әкімі, оңтүстіктің тумасы Алтай Көлгінов пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа рахметін айтып, ыстық сәлемін жолдады.

Бүгінге дейін белгілі болған мәліметтерге қарағанда, Түркістанда Алматы облысының әкімі А.Баталов, Ақмола облысының әкімі М.Мурзалин және Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов бірігіп, Жастар сарайын салып беруді жоспарлапты.

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев «Әзірет Сұлтан» кесенесінің аумағынан тарихи-мәдени нысан, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев ашық аспан астындағы мұражай, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов билейтін фонтан, Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов амифтеатр, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев шығыс моншасын, Қостанай облысының әкімі А.Мухамбетов Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын, Шымкенттің әкімі Ғ.Әбдірахымов ғылыми-әмбебап кітапхана, Б.Сұлтан (Астана)-саябақ, Б.Байбек (Алматы қаласы) медиаорталық салу туралы шешімге келіпті.   

 
Көрілді: 288
Жаңартылған: 08.11.2018 | 17:35
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат