Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Астананың әкімі бұдан былай таксимен жүруге уәде берді

29.08.2018 | 09:46
Астананың әкімі бұдан былай таксимен жүруге уәде берді

Астана әкімі Әсет Исекешевпен бірге оның қарамағындағылары да қызметтік көліктен түсіп таксопарк қызметін пайдаланбақшы. Осылайша, шенеуніктер бюджеттің жүздеген миллион теңгесін үнемдемек ойда деп хабарлайдыКТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Исекешев былтырдан уәде берсе де, қыркүйек айынан бастап біржола таксимен жүріп-тұрмақ. Әкім мен оның орынбасарлары VIP санатына жататындықтан бизнес, ал қалғандары жұмысқа эконом класпен қатынамақ.

Шенеуніктер айына 400 мың теңгеге ғана әрлі-берлі жүруге қақы бар. Бұрын қызметттік көліктің күтіміне бюджеттен  бір жарым миллион теңге жұмсалған екен. Енді шығын  3 есе кемиді.

Ал шенеуніктерді әкімдікке уақытылы жеткізу үшін арнайы таксопарк құрылып ол үшін Қазақстанда құрастырылған машиналар ғана сатылып алынады.

Ал бұған дейін  шенділерді тасыған қымбат қызметтік  автомобильдер полицейлер, мұғалімдер мен дәрігерлерге таратылмақшы.

Егер елордалық дөкейлердің тәжірбиесі сәтті іске асса, облыстық әкімдіктердің қызметкерлері де жаппай таксиге ауысады.

036

 
Көрілді: 3784
Жаңартылған: 29.08.2018 | 09:54
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат