Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Айдос Сарым жаңа қызметке тағайындалды

27.08.2018 | 16:00
Айдос Сарым жаңа қызметке тағайындалды

Танымал саясаттанушы Айдос Сарым Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қоғам қайраткерінің өзі Facebook парақшасында хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Саясаттанушының сөзінше, ол бүгіннен бастап Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың штаттан тыс кеңесшісі болған.

"Бүгінгінің бір жаңалығы. Өткенде қазақ көші туралы үлкен жиын болып еді. Сол жиынды өткізген кезде қазақ көшін жандандыру тұрғысында жол картасын дайындау, қабылдау туралы ортақ шешім қабылданған болатын.

Соны жүргізу мақсатында, еліміздегі мемлекеттік емес ұйымдар мен министрлік арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, қолдан келгенше дәнекер болуға келіскен едік. Бүгін соның шешімі шықты.
Бүгіннен бастап Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың штаттан тыс кеңесшісі деген қоғамдық жұмысқа кіріспекшімін. Жақсы ой-ұсыныстар болса жұртпен кезігіп, соларды министрлік құзырына жеткізуге әзірмін.
Бұл жұмыс ешбір осыған дейінгі тірлік пен міндеттемелерге қайшы болмайды деп санаймын. "Жаңа Қазақстан" ұйымындағы жұмысым да жалғаса береді", - дейді Айдос Сарым.
57
 
Көрілді: 3308
Жаңартылған: 27.08.2018 | 16:17
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат