Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әбдірахымов облыстық мәслихат депутатын тыңдай ма?

11.08.2018 | 18:44
Әбдірахымов облыстық мәслихат депутатын тыңдай ма?

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына (қазіргі Түркістан облыстық мәслихаты) Шымкенттегі №56 округтен сайланған депутат Әсет Қайыпбеков Түркістан облысында да, Шымкентте де сайлаушыларының атынан мәселе көтере беретінін айтты. Бұл туралы «Рейтинг» республикалық ақпараттық-сараптамалық газеті жариялады.

– Бәріміз Қазақстанның азаматымыз. Бөлінген соң бәрі бітті, қырқылды, үзілді деген нәрсе жоқ. Шымкенттің әкіміне кіріп, өз сайлаушыларымыздың мәселесін шеше береміз. Екі жаққа да мәселе қоя береміз. Депутаттық өкілеттігіміздің бітуіне де екі жылдай ғана уақыт қалды ғой. Сайлаушыларға берген уәдемізді абыроймен атқара береміз деген ойдамын, – деді Әсет Қайыпбеков. 

 
Көрілді: 1371
Жаңартылған: 14.08.2018 | 18:46
Категориялар: Саясат