Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Д.Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

24.07.2018 | 10:38
Д.Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Қазақстандық спортшы Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерді жақтап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған жас мұғалім мектептен өз еркімен кетуге дайын. Бұл туралы Sputnik Қазақстан "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

21 шілде күні 25 жастағы Шерхан Байзенов автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан Денис Теннің суретін желіге жариялап, оның өліміне күдіктілерді жақтап, жазба қалдырған.

Математика пәнінің мұғалімі жазбасымен ұлтаралық алауыздық тудырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Байзеновтің бұл жазбасы желі қолданушыларының ашуын келтіреді. ІІМ желі қолданушыларының шағымына лезде назар аударды. Сенбі күні Шерхан Байзенов жауап алу үшін БҚО ішкі істер департаментіне жеткізіледі. Қылмыстық іс қозғалып, одан ешқайда шықпау туралы қолхат алынды.

Оқушылардың ата-аналары да мұғалімді айыптап, балаларын оның сабағына жібермейміз деген. Байзенов мектептен кетуге дайын, бұл туралы мектеп директоры Азамат Маемерге де айтыпты.

Еске салсақ, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты.Спортшы ұрылардан пышақ жарақатын алады. Үш литр қан жоғалтқан Тен кешкі бес жарым шамасында емханада көз жұмды

6521730

 
Көрілді: 2519
Жаңартылған: 24.07.2018 | 11:00
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат