Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі тағайындалды

13.07.2018 | 14:16

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Қаратау ауданының әкімі тағайындалды. Сессия отырысында депутаттар Қаратау ауданының әкімі лауазымына ның тағайындалуына келісім берді.

Исамидин Мұхитдинұлы 1984 жылы туылған. Білімі – жоғары заңгер, экономист.

Қызмет жолын 2005 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Өндірістік және жедел кәсіпорын» ЖШС-де экономист болудан бастаған.

2008-2009 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша е-кадр жөніндегі операторы, 2009 жылдың сәуірінен «Персоналды басқару бойынша ұлттық орталығы» АҚ ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің аумақ бойынша бағалау және мониторинг басқармасының сарапшысы, 2013-2015 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық бақылау жұмысы бөлімінің референті қызметтерін атқарған.

2016 жылдың сәуірінен бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

11

 

 
Көрілді: 3603
Жаңартылған: 13.07.2018 | 14:19
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат