Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мәуленқұлов жаңа қызметке тағайындалды

13.07.2018 | 14:10

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Әл-Фараби ауданының әкімі тағайындалды. Сессия отырысында депутаттар Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымына Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлының тағайындалуына келісім берді.

Ғабит Патшаханұлы 1977 жылдың 22 наурызында дүниеге келген. Білімі – жоғары, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылдары Каспий экологиялық прокуратурасында маман болудан басталған. Кейіннен Каспий экологиялық прокуратурасы прокурорының көмекшісі міндетін, Атырау табиғатты қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі міндетін атқарды. 2001 жылдан бастап «Астана Интернационал» ЖШС-де заңгер болған. 2002-2016 жылдары ҚР Жоғарғы Сот аппаратында түрлі қызметтер атқарды.

2016-2018 жылдары Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі лауазымында қызмет атқарды. 2018 жылдың наурызынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

9

 
Көрілді: 3044
Жаңартылған: 13.07.2018 | 14:15
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат