Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бішкек қаласының бірінші вице-мэрі ұсталды

07.07.2018 | 18:27
Бішкек қаласының бірінші вице-мэрі ұсталды

Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша Бішкек қаласы мэриясының жауапты тұлғалары ұсталды. Бұл туралы Кабарға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. «2018 жылы 6 шілдеде Қырғызстан Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкек қаласында жер учаскелерін жеке тұлғаларға заңсыз беру және бөлу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Бішкек қаласының бірінші вице-мэрі М.Р.К. және Бішкек қаласы мэриямы Жер ресурстары басқармасының бастығы М.У.А. Қырғызстан Қылмыстық кодексі 303-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды», - делінген хабарламада. Қазіргі таңда ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

 

 
Көрілді: 1414
Жаңартылған: 07.07.2018 | 18:27
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат