Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Еліміздің бас дәрігері ешқандай спортпен айналыспайтынын айтты

07.05.2018 | 09:57
Еліміздің бас дәрігері ешқандай спортпен айналыспайтынын айтты

Қазақстандық министрлердің қандай спорт түрімен айналысатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хоккей ойнағанды ұнататын болып шықты. Министр аптасына  2 рет аталған спорт түрімен айналысады.

Ал еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов кәсіби тұрғыда ешқандай спорт түрімен айналыспайтынын айтты. Алайда мүмкіндігінше фитнес-орталыққа барып тұрады екен.

Қазақстанның коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жүгіріп, жүзіп, тартылады екен. Спортты жоғары қоятын шенеунік кейде түскі ас ішуге емес, фитнес-залға барғанды құп көреді.

Ал әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, оның сүйікті спорт түрі жыл маусымдарына байланысты өзгеріп тұрады. Ол жазда жүгіргенді, денеге күш түсіретін жаттығуларды құп көрсе, қыз мезгілінде отбасымен коньки тебеді. Сонымен қатар әріптестерімен бірге футбол алаңында доп «қуалағанды» ұнатады.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев жас кезінде бокспен шұғылданған екен. Ал қазіргі уақытта йога, фитнес және тай боксы — муай-таймен айналысады. Шенеуніктің сөзінше, ол аптасына үш рет сүйікті спорт түрлеріне уақыт бөледі. Сонымен қатар халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті бос уақытында салт атпен серуендегенді ұнатады.

25

 
Көрілді: 1235
Жаңартылған: 08.05.2018 | 10:03
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат