Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Екі жылда мақтаудан жалыққан президент

20.04.2018 | 10:32
Екі жылда мақтаудан жалыққан президент

Шавкат Мирзияев мұғалімдерді мәжбүрлеп көше сыпыруға  шығаратын шенеуніктерді қатты сынады.  Ол мұны Сырдария облысы Сайхунабад ауданы тұрғындарымен кездескенде айтқан.

Мемлекет басшысы Самарқан облысында мерт болған жас мұғалім Диана Еникееваның өліміне өзін кінәлі санайтынын айтты. Еникееваны президент сапары қарсаңында жол бойын жинау кезінде КамАЗ басып кеткен еді.

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, мұғалімдерді мәжбүрлеп жұмысқа шығарған шенеуніктерге президент  қызметтен қуылатынын қатты ескерткен.

Сонымен бірге мемлекет басшысы аймақтарға сапары қарсаңында шұғыл түрде жасалатын "көзбояушылық" жұмыстардан хабардар екенін мәлімдеді.

"Маған бұл аймақ туралы мәліметтерді сапардан бір күн бұрын жеткізеді. Бірақ көптеген орындарда "көзбояушылық" көп кездеседі. Шынымды айтсам, маған өте ыңғайсыз, бұның бәрінен жиіркенемін. Мұғалімдерге айналаны жинастырып, көше сыпырту - мені ғана емес, менің саясатымды сату", - деді Мирзияев.

Сайхунабад ауданындағы кездесуде Мирзияев "мақтау сөздер" мен түрлі жиналыстарда арнайы дайындалған адамдардың мадақтауларынан жалыққанын айтты.

 

Б.Ерназар

 

018

 
Көрілді: 1453
Жаңартылған: 20.04.2018 | 10:36
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат