Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Отанын қорғауға дайын жастардың үлесі 8 пайыз

20.04.2018 | 10:23
Отанын қорғауға дайын жастардың үлесі 8 пайыз

Өткен аптаның соңында Шымкентте ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІ көшпелі отырысы өткен болатын. Сол жиында  Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев өзі басқарып отырған министрлік жастар мәселесі бойынша әлеуметтік сараптама жүргізгенін, қорытындысы бойынша "ойланатын бірқатар мәселе барын" айтты.

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан жастарының денсаулық көрсеткіші өзге елдермен салыстырғанда нашар, яғни 161 мемлекеттің ішінде 115-орында тұр. «Жастар білімге құндылық ретінде қарамайды. Елдегі білім алуға ұмтылатын жастардың үлес салмағы 12,6 пайыз. Отан үшін қолына қару алуға дайын екенін айтқан жастар - 8 пайыз. Жастар өз күшіне сене алмайды, жұмысқа орналасу үшін қаражат пен "ағалардың көмегі" қажет деп білетін болған. Жастардың 28,8 пайызы суицидке бейжай қарайды. Әрбір алты жастың бірі суицид жасаған адамға түсіністікпен қарайтынын айтады. Бұл - дабыл қағатын факт, - деді Дархан Қалетаев.

Сондай-ақ, министр келтірген сауалнама нәтижелеріне қарағанда, жастардың жастардың 49,9 пайызы кітапханаға бармағаны, 83 пайызы ғаламторда көп отыратыны анықталған. Заңгер (13%), медицина (10,5%), экономика (7,7%), дизайн (6,5%), қаржы (5,9%), көлік (5,3%) секілді мамандықтар таңдаулы екенін аңғартқан. «Болашақтың мамандықтары», оның ішінде ақпараттық технологиялар (4,4%) басымдыққа ие мамандық қатарына енбеген. Бұл орайда министр жастарға «білімді тегін алуға мүмкіндік бола тұра, сіздерге құны қымбат және еңбек нарығында талап етілмейтін білім үшін ақша төлеп, ата-аналарыңызды қарызға батырудың қажеті неде?» - деген сұрақ қойды.

016

 

 
Көрілді: 991
Жаңартылған: 20.04.2018 | 10:30
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат