Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкенттік министрлер азайып жатыр

06.04.2018 | 09:41
Шымкенттік министрлер азайып жатыр

4 сәуірде  Елбасының Жарлығымен Сенат депутаты Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Бұған дейінгі министр  Нұрлан Ермекбаев  Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына кірісті. Экс-хатшы, Ұлттық қауіпсізік комитетінің бұрынғы төрағасы Владимир Жұмахановтың әзірге қандай қызметке барғаны белгісіз.

Осылайша Үкіметтегі шымкенттік министрлердің саны тағы да біреуге азайды. Үкіметтің осы жолғы құрамында әу баста бірнеше оңтүстікқазақстандық министр бар еді. Үкіметтегі шымкенттіктер шетінен азайып жатыр. Бұл туралы "Рейтинг" газеті жазады. 

Ұлттық экономика министрі қызметін сегіз айға жуық атқарған Қуандық Бишімбаев 2016 жылдың соңында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен тұтқынға алынды. Жуырда сотталды. 2017 жылдың желтоқсанында вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қызметінен алынып, биыл қаңтарда Жамбыл облысының әкімі болды. Ақпан айында «қатты шаршап жүрген» Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Елбасының сынынан кейін отставкіге кетіп, артынша «Нұр Отан» партиясының хатшысы лауазымына кірісті. Енді міне, Шымкент қаласында дүниеге келген, әкесі ұзақ жылдар Шымкет педагогикалық институтының ректоры болған Нұрлан Ермекбаев та Үкіметтен кетті.

Айта кетері, Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов, Әділет министрі Марат Бекетаев та Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Былтыр жыл соңында олардың қатарына тағы бір шымкенттік Өмірзақ Шөкеев қосылған.

1592-6-nurlan ermekbaev ugroza ru

 

 

 

 
Көрілді: 695
Жаңартылған: 06.04.2018 | 10:11
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат