Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанда Telegram желісі бұғатталуы мүмкін

Бұған Әблязовтың қатысы қанша?

04.04.2018 | 12:43
Қазақстанда Telegram желісі бұғатталуы мүмкін

Қазақстанда Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін немесе мүмкіндігі шектеледі. Бұл мәселені ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қарастырып жатыр.

Бұл туралы министр Дәурен Абаев өз блогында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстандықтар өзінің рұқсатынсыз Telegram-дағы Әблязов құрған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының арнасына  қосып қоятынын айтып, шағымданды.

Қазақстандық Гүлжауһар Исабекова өзінің пәрменісіз қозғалыстың тобына наурыз айында қосып қойған.

“”Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы Қазақстанда экстремистік топ деп танылған. Әлеуметтік желідегі мұндай топтарды Telegram әкімшілігі арқылы бұғаттауыңызды өтінемін”, – деп жазды ол.

Министрдің жауабында, Telegram әкімшілігіне сот шешімін жүзеге асыру туралы ресми хабарлама жіберілген. Онда Қазақстанда тіркелмеген қозғалыстың материалдарына шектеу қою немесе желідегі тобын бұғаттап тастау сұралған.  

“Егер жіберілген хабарламада жазылған сот үкімі орындалмаса, Telegram желісі бүкіл Қазақстан аумағында бұғтталатын болады”, – деді Абаев.

13 наурызда Қазақстан бас прокуратурасы Әблязов құрған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысын экстремистік топ деп таныған еді.

photo 36152

 

 
Көрілді: 811
Жаңартылған: 04.04.2018 | 12:56
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат