Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Сауранбаев жаңа орынбасарын таныстырды

20.03.2018 | 10:17

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімі орынбасары лауазымына Ғабит Мәуленқұлов Патшаханұлы тағайындалды. Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы 22 наурызда ОҚО Созақ ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, заңгер. Еңбек жолы 2000 жылы Атырау қаласындағы Каспий экологиялық прокуратурасында маман болудан басталған. Одан соң Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратында қарапайым референт болып бастап, түрлі жылдар арасында бөлім меңгерушісі лауазымына дейін жоғарылаған. 2016 жылдың шілдесінен бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі қызметін атқарған.

1519904924

 

 

 
Көрілді: 1172
Жаңартылған: 20.03.2018 | 10:24
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат