Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қос азаматтықтың ақыры құрдымға кетіріп жүрмесін

02.03.2018 | 09:15

 

 

Қазақстанда жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде шекарада контрабандистер мен олармен сыбайласқан кеден органдарының қызметкерлері тұтқындалды. Арасында Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесінің депутаты  Дамирбек Асылбекуулу да бар.
Арада бір апта өтпей жатып Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мұратбек Азымбакиев ұсталған депутат  Дамирбек Асылбекұлының Қырғызстан және Қазақстанға ортақ екендігін мәлім етті. Д.Асылбекуулуның екі елдің азаматы екендігі көпшілікке  осы кезде белгілі болды.

Сарапшылардың айтуынша, Дамирбек Асылбекуулуның азан шақырып қойған есімі Динарбек, фамилиясы Супатаев. Оны жерлестері Дина деп атап кеткен. Және ол төлқұжатында көрсетілгендей 1981 жылы емес, 1979 жылы дүниеге келген. Динарбектің Дамирбекке айналып кетуінде пәлендей құпия жоқ көрінеді. 1997 жылы ол кадеттердің әлем чемпионатына қатысуы тиіс болған. Ал бұл жарысқа 16 жасқа дейінгілер ғана қатыса алған. Динарбек осы чемпионатқа жасын кішірейтіп қатысып,  қола жүлдегер атанған. Мұны ұсталған депутаттың жаттықтырушысы Мейрамбек Ахметов те растаған.

-Біздің олимпиадалық ізбасарлар училищесіне келген кезде аты-жөні  Динарбек Супатаев болатын. 1999 жылддан кейін ол фамлиясын сол кездегі «мода» бойынша Асылбекуулу деп өзгертті,-депті жаттықтырушы.

Қазір  Қырғызстанның заңы бойынша Қырғызстан азаматының басқа елдің азаматтағын алуы Қырғызстан азаматтығының тоқталуына әкеліп соқпайды. Дегенмен Дамирбек Асылбекуулуның Қазақстан азаматтығын алуы бәрібір заңға қайшы келеді. Өйткені заң бойынша шетел азаматтығы бар адам Қырғызстанның президенті, Жоғарғы Кеңестің депутаты бола алмайды, құқық қорғау, қорғаныс саласында еңбек етуіне, мемлекеттік мекемелерге басшылық жасауына жол берілмейді. Бірақ заңның бұл талаптары Қырғызстанда сақтала бермейтін сияқты.

Дәл қазіргі таңда Қырғызстан билігінде әлі қанша «қазақстандық» бар? Бұл сұраққа жауап табу қиын. Ресми емес мәліметтерге қарағанда қырғыз елінде  Ресей төлқұжатын иеленген 600 мың адам бар көрінеді. Естеріңізде болса, Ресей кезінде Оңтүстік Осетияның тұрғындарына азаматтықты таратып, артынша «өз азаматтарын қорғау үшін» Цхинвалға әскерін алып кірген. Мұндай жағдайдың Қырғызстанда қайталанбасына кім кепіл?

2007 жылы Парламент сайлауы кезінде Омурбек Бабановта Қазақстанның азаматтығының бар екендігі анықталған болатын. 2011 жылы Мемлекеттік кеден қызметінің басшысы Кубанычбек Кулматовтан Ресей азаматтығы табылды. 2016 жылы Парламенттің тағы бір  депутаты Жыргалбек Саматовтың Ресей азаматы екендігі белгілі болды.

 Бәленің бәрін осы биліктегілердің өздері бастап жүрген сияқты. 

dvoinoe-grazhdanstvo-kyrgyzstana-rossii3-300x182

 
Көрілді: 2939
Жаңартылған: 02.03.2018 | 09:19
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат