Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Президент сайлауы мерзімінен бұрын өтеді

05.02.2018 | 14:46

 

Әзірбайжанда 17 қазанға белгіленген президент сайлауы мерзімінен бұрын өтетін болды. Сайлау 11 сәуірге белгіленді.  Әзірбайжан президентінің осы жөніндегі жарлығы бүгін ресми сайтында жарық көрді.

-Әзірбайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын өткізудің тәртібін Сайлау кодексіне сәйкес әзірлеуі тиіс,-делінген жарлықта.

Сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің себептері айтылмаған. Ильхам Әлиев Әзірбайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің ұлы. Ол елдің президенті болып алғаш рет 2003 жылы сайланған. 2008 жылы ол екінші қайтар президент болды.  2009 жылдың наурызында Әзірбайжда референдум өтіп, Конституциядағы «бір азамат екі реттен артық президент болып сайлана алмайды» деген шектеу алынып тасталды. Ильхам Әлиев 2013 жылғы сайлауда 84 пайыздан астам дауыспен жеңіске жетті.

Биыл жасы 57-ге келетін Әлиевтің сайлауға төртінші мәрте түсетініне ешқандай күмән жоқ.

547ebc1405b731a23b4e42cf43230ab4

 
Көрілді: 1675
Жаңартылған: 05.02.2018 | 14:49
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат