Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мырзахметовтың ең сенімді кадры

01.02.2018 | 11:07
Мырзахметовтың ең сенімді кадры

Енді Жамбыл облыстық әкімдігіне келді

 

      Жамбыл облысына әкім болып келген Асқар Мырзахметов алғашқы кадрлық ауыс-түйістерді жасай бастады...

Жалпы, қарамағындағы кадрларына талапты қатаңдау қоятын Мырзахметовпен уақтысында біраз азаматтармен жолдары түйісті, біразымен ажырады. Мұның бәрі де өмірдің заңы шығар. Десек те, Асқар Мырзахметовпен соңғы 10-15 жылдың көлемінде жұбы жазылмай, соңынан еріп келе жатқан бір кадр бар. Ол кадр-Ләззат Смағұлова.

     Смағұлова мен Мырзахметовтың жолдары екі мыңыншы жылдардың басында ауыл шаруашылығы министрлігінде түйіскен екен. Мырзахметов бірінші вице-министр, кейінірек министр болса, Смағұлова бөлім бастығы, кейінірек кадр жөніндегі басқармаға басшылық жасапты. Мырзахметов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметіне ауысқан кезде Смағұлова елшілікте бірінші хатшы болды. Мырзахметов «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына келген кезде Смағұлова осында ішкі аудит қызметіне жетекшілік жасады.  Асқар Исабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіна ауысқан кезде Ләззат Уахитқызы оның аппаратында басшының орынбасары лауазымын атқарды. Білетіндердің айтуынша, сол жылдары «Ақ үйдегі» негізгі мәселенің бәрін Ләззат ханымның келісімінсіз шешілмейтін көрінеді. Мызахметов «Нұр отанға» келген соң Смағұлова партияның орталық аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылы Мырзахметов вице-премьерліктің портфелін қолға алған кезде Смағұлова оның кеңесшісі болыпты.

Енді міне, Ләззат Смағұлова Жамбыл облысына әкім болып келген Асқар Мырзахметовтың аппаратында лауазымды қызметке, дәлірегі аппарат жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды.

Құдай-ау, бастығына адалдық деп осыны айтыңыз. 

13454b3155939d6b2774c93de864732c364e493c

 

Б.ЕРНАЗАР

"Рейтинг" газеті, 2018 жыл

 
Көрілді: 1008
Жаңартылған: 01.02.2018 | 11:40
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат