Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жеке дәрігері Ислам Каримовтың өлімі туралы шындықты айтты

29.01.2018 | 14:24
Жеке дәрігері Ислам Каримовтың өлімі туралы шындықты айтты

 

Ислам Каримовтың бұрынғы дәрігері Вячеслав Аваков УзА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Өзбекстанның бұрынғы президентінің соңғы күндердегі денсаулығына қатысты біраз жәйттарды айтыпты.

Оның айтуынша, Ислам Каримов медиктерді онша жақтыра бермеген. Ол табиғатынан денсаулығы мықты, төзімді және қажырлы болыпты. Каримовты жылына бір рет медтексеруден өтудің өзіне зорға көндіреді екен. Дәрігердің көмегіне президенттің өзінен гөрі оның айналасындағылар көбірек жүгінген. Каримов президент болған соң үлкен тенниспен шұғылданған. Бұл спорттың түрін тез меңгерген және өмірінің соңына дейін оны тастамаған. Каримов ешқашан денсаулығына қатысты шағым айтпаған. Алайда 26 тамызда ол кенеттен сыр берген.

-Біз бәріміз Татьяна Акбарқызының (Каримовтың жұбайы) туған күнінде болдық. Ислам Әбдуғаниұлы жұмысынан сағат тоғызда оралды. Біз бәріміз бір отбасының мүшелеріндей дастархан басына жиналдық. Әңгемелесіп, әзілдестік. Ислам-аканың сол кездегі көңіл күйі өте жақсы болатын. Келесі күні мен оның жағдайының күрт нашарлағанын білдім. Тез арада барып, Ислам Әбдуғаниұлын ауруханаға алып кеттік,-деп еске алыпты Аваков.

Ислам Каримов 2016 жылдың 2 қыркүйегінде, 78 жасында инсульттен қайтыс болды. 

1000x563 342866

 
Көрілді: 2456
Жаңартылған: 29.01.2018 | 14:29
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат