Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті

28.12.2017 | 13:51
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті

   2020 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен бір жарым есеге өсуі тиіс. Ал арнаулы операциялар күшінің мүмкіндіктері 3 есе артады. Бұған биыл бекітілген ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен әскери доктрина және Қарулы Күштерді дамытудың тұжырымдамасы әсер етпек.

Бүгін Елбасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу барысында осылай деді. Жиында Мемлекет басшысына  әскеріміздің жауынгерлік дайындығын арттыру бағытында биыл атқарылған  жұмыстардың қорытындысы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 2017 год был годом 25-летия Вооружённых сил. За это время были созданы боеспособные современные вооружённые силы нашей страны. Армия стала гарантам территориальной целостности, экономического процветания и увеличение авторитета нашего государства. И стала предметом гордости. В этом году мы утвердили стратегию национальной безопасности, ввоенную доктрину, концепцию развития Вооружённых сил, в которых определены направления и задачи дальнейшего развития военной организации государства. В результате их реализации к 2030 году боевая мощь Вооружённых сил должна вырасти в 1,5 раза за счет повышения боевого потенциала наших войск.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Сіздің басқаруыңызбен біз жедел әскери дайындық шараларын аяқтадық. Биыл жауынгерлерді дайындау бағдарламасын толығымен бітірдік. Сондай-ақ қайта қаруландыру мәселесін жіті қолға алдық. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 33 пайызға жетті.


 
Көрілді: 406
Жаңартылған: 29.12.2017 | 13:54
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат