Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Microsoft-тың ТМД-дағы ресми өкілі: Латын әліпбиі Қазақстанға келген шетелдіктерге көп көмек болады

24.12.2017 | 17:51
Microsoft-тың ТМД-дағы ресми өкілі: Латын әліпбиі Қазақстанға келген шетелдіктерге көп көмек болады

Озық технологиялар саласының жетекші мамандары латынға көшуді уақытылы және келешегі бар бастама деп есептейді. Инновациялар заманында латын графикасы қазақстандықтардың ғана емес, елге келген шетелдік қонақтардың да өмірін оңайлатады дейді олар.   

Рональд Бинкофски, Microsoft компаниясының ТМД аймағындағы кеңсесінің бас директоры: 

 

- Латынға көшу халықаралық қауымдастыққа көмектеседі. Мен үшін бұл проблема емес, мен көптен бері орыс тілін білемін. Кириллицада не жазылғанын еркін оқи аламын. Бірақ қазақ тілі мен үшін сәл күрделілеу. Бұл бастама әлбетте Қазақстанға шетелден келгендердің өмірін жеңілдетеді. Меніңше, бұл болашаққа бастаған оңды қадам. Әсіресе Қазақстанды әлемге танытып, халықаралық аренаны бағындыруға ұмтылған жаңа буын өкілдерін тәрбиелеп отырған ел үшін. Жаңғырту тұрғысында алып қарар болсақ, мұның маңызы еселене түспек.


 
Көрілді: 1245
Жаңартылған: 24.12.2017 | 17:54
Категориялар: Саясат, Саясаттағы басты жаңалықтар