Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жақып Асанов пен Қайрат Қожамжаров жаңа қызметке тағайындалды

11.12.2017 | 17:29

Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.


Жақып Асанов 2016 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымын атқарып келді.  Ал Жоғарғы соттың төрағасы қызметін бұған дейін атқарған Қайрат Мәмидің қандай қызметке ауысқаны туралы әзірге ақпарат жоқ. 

Сонымен бірге бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатына Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын Бас прокурор лауазымына ұсынды.

 -ҚР Парламенті Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын қолдады, -делінген Ақорданың твиттердегі  хабарламасында.

 
Көрілді: 543
Жаңартылған: 11.12.2017 | 17:31
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат