Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Төртінші мұнай зауыты қашан салынады?

08.12.2017 | 11:48

      Президент мұнай өнімдеріне деген сұранысты толық өтеу үшін төртінші  мұнай зауытын салу жөнінде ұсыныс әзірлеуді осыдан екі-үш жыл бұрын Үкіметке тапсырғаны белгілі. Бензин тапшылығынан кейін де  Үкімет бұл тапсырманы орындауға асықпайтын сияқты. Алдағы 5-6 жылдың ішінде Қазақстанға төртінші мұнай зауытын салудың қажеттілігі жоқтығын Астанада өткен «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

photo 56022

    -Бүгінгі күні төртінші  мұнай зауыты керек емес. Үш зауытта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. «ҚазМұнайгаз» Атырау мен Павлодар зауыттарын жаңғырту жұмыстарын биыл бітіруі керек. Келесі жылы  Шымкент мұнай зауыты жаңғырту жұмыстарын жүргізеді, - деді Бозымбаев.

     Бозымбаевтың ойынша, Қазақстан алдағы  5-6 жыл бойы өзін-өзі бензинмен, дизель отынымен және  авиакеросинмен 100 пайыз қамтамасыз ете алады.

-Ал 2024-2025 жылдары бір зауытты екі есе үлкейтуіміз  керек немесе төртінші зауыт салуға мәжбүр боламыз. Өйткені, сұраныс өсіп келе жатыр. Осындай жоспар бар, - деді министр.

 

 

Жәнібек Тархан

"Рейтинг" газеті, желтоқсан, 2017 жылы

 
Көрілді: 999
Жаңартылған: 08.12.2017 | 12:01
Категориялар: Саясат, Экономика