Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстандықтардың 6,5 пайызы оппозиция...

08.12.2017 | 10:12

photo 44040

 Тұңғыш президент күні қарсаңында Астанадағы Еуразиялық интеграция институты «Н.Назарбаев рухани жаңғыру» және «Н.Назарбаев еуразиялық интеграциялық процестер: жаңғырту келешегі» блоктары бойынша екі кешенді әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін жария етті. Республикадағы 14 облыстың, Алматы мен Астананың, оның ішінде қаланың да, ауылдың да тұрғындарының және сарапшылардың арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысына қарағанда, халықтың 90 пайыздан астамы Елбасының саясатын қолдайды екен.  

 -Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, халықтың 90%-ы және сарапшылардың 96%-ы Н. Назарбаевты ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің басты кепілі, яғни Қазақстан халқының басты құндылықтарының бірін сақтаушы деп санайды. Осылайша, Мемлекет басшысына деген сенімнің жоғары деңгейі – жаңғырту процестерін табысты дамытудың мықты тірегі, — дейді  Еуразиялық интеграция институтының  директоры Ғани Нығыметов. «Қазақстан даму жолында не нәрсеге талпынуы керек?» деген сұраққа респонденттердің  41,8 пайызы «шын мәнінде демократиялық мемлекет болу» деп жауап берсе, 34,6 пайызы «индустриалды дамыған елге айналу» деп жауап қатыпты. Респонденттердің 87,3 пайызы мемлекеттің сыртқы саясаты дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенімді. Тек 6,5 пайызы бұл мәлімдемемен келіспепті.

Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі — 86 пайызы Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуын мақұлдаған. Тек 6,5 пайызы қарама-қарсы көзқараста. Респонденттердің 3 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ туралы ештеңе білмейтінін айтыпты.

«Рейтинг» газеті.

 
Көрілді: 1459
Жаңартылған: 08.12.2017 | 10:15
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат