Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» ұлттық телекөпірі өтіп жатыр

06.12.2017 | 12:00
«Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» ұлттық телекөпірі өтіп жатыр

     «Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні». Биылғы жалпыұлттық телекөпір  осылай деп аталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен  30-ға жуық нысан іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұған миллиондаған телекөрермендермен қатар осы кәсіпорындарда еңбек ететін 10 мыңнан астам жұмыскер де  куә болмақ. Қазір Қазақстанда индустрияландырудың екінші бесжылдығы өтіп жатыр. Осы аралықта жалпы құны 1,9 трлн теңге тұратын  127 жоба  жүзеге асырылды. 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс тапты.  Бүгінде «Қазақстанда жасалған»  тауардың  жүздеген түрі әлемнің 112-і  еліне экспортқа шығарылАды. Елімізді индустриаландыру жылдарында қайта өңдеу секторына,, 26 млрд доллар инвестиция  тартылып  100 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ендігі мақсат – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын енгізе отырып, озық 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсатта «Қазақстан барысы» серпін ала түспек. Біз алдағы жаңалықтар топтамасында  еліміз үшін елеулі нысандардың іске қосылу барысы жайлы хабардар ететін боламыз.


 
Көрілді: 279
Жаңартылған: 06.12.2017 | 12:01
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат