Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Атамбаев Назарбаевты «жасы келген диктатор» деп атады

16.11.2017 | 14:41
Атамбаев Назарбаевты «жасы келген диктатор» деп атады

5a09caae0f02f 1510591150

Қазақстан Парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың соңғы мәлімдемесін сынады. 15 қарашада Атамбаев Қазақстан билігін сөгіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевты "жасы келген диктатор" деп сипаттаған. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметің хабарлады.

Тоқаев Twitter парақшасында: "Атамбаевтың кезекті лас шабуылға толы долданған сөзі көршілердің татулығына зиян тигізеді. Үлкен саясатта мұндай эмоцияға орын жоқ. Қырғызстанға блокада жариялап жатқан ешкім жоқ. ЕАЭО-ның талаптарын орындау керек. Келіссөздің мәні - осы", - деп жазды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды "блокада" деп атап, Қазақстан билігін айыптаған. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Атамбаев бұл туралы Бішкекте елдің тұрақты даму стратегиясын талқылаған жиында мәлімдеген.

7 қазанда Атамбаев кейбір президенттікке кандидаттар мен Қазақстан билігінің атына қатар сын айтқан. Осыдан көп ұзамай, 10 қазанда Қазақстан Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, шекараның қырғыз жағында жүк көліктерінің кезегі пайда болған. Екі жақ 19 қазаннан бастап жолаушылар көлігі мен жүгі бар жолаушыларды өткізуді оңайлатуға уағдаласқан.

Астана шекарадағы тексеруді Қырғызстаннан келетін "контрабандамен күресу үшін" күшейткенін айтады. Бішкек Қазақстан шекарада "қолдан кедергі жасап отыр" деп біледі.

 
Көрілді: 7869
Жаңартылған: 16.11.2017 | 14:44
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат