Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Елбасы коммуналдық қызмет бағасын көтеруді тапсырды

05.09.2017 | 10:10
Елбасы коммуналдық қызмет бағасын көтеруді тапсырды

     Парламент палаталарының бiрлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке коммуналдық қызмет бағасын көтеру туралы сұрақты қарауға тапсырма берді.  Елбасының сөзінше бұл салаға инвестор тарту үшін осындай қадам керек. Себебі, су және жылу құбырларын жаңартып, модернизациялау үшін ел бюджетінен қомақты қаржы кетіп жатыр деп хабарлайды Today.kz .

image l

     «Егер біз электр жарығы, жылу, су бағаларын көтермесек, бізге инвесторлар келмейді. Әрбір инвестор «мен сендерге станция салып берсем, электр жарығын, жылуды қаншадан сатам?» деп сұрайды.  Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Біз тәуелсіздік алған жылдары бұл іспен айналысқанда да жағдайы төмен отбасыны қорғадық. Егер үкімет ойланса, бұл үлкен іс емес, аяңдап алға басамыз. ТМД елдері бойынша ең арзан электр қуаты бізде ғана»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

    «Бұл істің екінші жағы – тұрғындардың төлем жүргізуге қабілеттілігі. Кірісі, жалақысы қандай осының барлығын жинақтап қарау керек. Төлем қабілеттілігіне жағдай жасай отырып  тарифті көтеру керек. Болмаса біз электр энергиясы саласын да, коммуналдық шаруашылықты да жаңғырта алмаймыз, шіріген құбырды ауыстырып, ескі қимаратты сүре алмаймыз. Бұл мәселені шешуге болатынын естен шығармайық. Неге бізде газдандыру жұмысы нашар жүріп жатыр? Өйткені, ешкім төлемейді. Оңтүстік өңірде газдың құны қанша? Қазір әлемде 100 кубометр газдың техникалық құны 150 доллар, ал бізде 20-30 доллар төлейді. Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз ? Біз коммунизде өмір сүріп жатырмыз, рас па? Сондықтан да барлық жайлылық үшін ақы төлетіп, түсіндіріп, шешу керек. Қайталап айтам, теңдестіру қажет»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Көрілді: 730
Жаңартылған: 05.09.2017 | 10:19
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат