Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді

18.08.2017 | 09:49
Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді

     Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» Агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді. Елбасы рухани жаңғыру үдерісіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты деп хабарлайды 24.kz

    Сондай-ақ Елбасы отандық туризмді дамытудың перспективалары мен өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы және латын әліпбиіне көшу туралы ойын айтты.   Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

    - Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деп жатқан жоқпыз. Алыпқашпа сөзбен осыны кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби – қазақтың тіліне байланысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі орыс тіліне көп аударылған. Барлығынан ажырап қалсақ, біз байымаймыз, кедейленеміз. Переход на латиницу не означает отказ от русского языка. Латиница будет касаться прежде всего казахского языка. Все издания, издающиеся на русском языке, русскоговорящим гражданам Казахстана кириллица остается. Бұл – үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында бір-екі мәтінін қарайтын боламын. Осыған шұғылданып жүрген ғалымдарды, тілмаштарды – барлығын жинап, солармен отырып, бір жобаға тоқтайтын боламыз.

    Бұдан бөлек Президент халықаралық ЕХРО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ойымен бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  - ЕХРО-2017 занимает особое место. Завоевать право проведения в Казахстане было не совсем простым делом. Мы полагали, что за все три с половинной месяца проведения посетят Казахстан около двух миллионов. Только за 2 месяца посетили уже 2,5 миллиона. А если посещение, стоят специальные машины, которые считают, кто зашел-вышел, около 20 миллионов человек.

 
Көрілді: 682
Жаңартылған: 18.08.2017 | 09:57
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат