Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

32 мың грантты дұрыс бөле алмаған министр тығырықтан шығудың жолын іздей бастады

16.08.2017 | 16:08
32 мың грантты дұрыс бөле алмаған министр тығырықтан шығудың жолын іздей бастады

Білім және ғылым министрі үлкен даудан кейін дереу тығырықтан шығудың жолын іздей бастады.Үкімет отырысында Ерлан Сағадиев грантқа түсуге болатын, яғни сұранысқа ие мамандандықтарды 3 жылға алдын-ала жариялауды ұсынды деп хабарлайды КТК арнасы.

   Бас мұғалімнің сөзіне сенсек, ата-аналар берілетін гранттың санын ескермей, экономист, заңгер сияқты мамандыққа жапа тармағай құжат тапсырады. Мәселен, биыл програмистер дайындауға 610 грант бөлінсе, заңгерге небары 45 тегін орын бар. 

     Жалпы медицинаға 2500 грант, сұранысқа ие тіс дәрігеріне 45-ақ грант қарастырылыпты.

    32 мың грантты сауатты бөле алмай, кейін тізімді қайта қарауға мәжбүр болған Білім министрі дауды шешудің бір жолын тауыпты.

Ол еңбек нарығына тапшы мамандықтар тізімін үш жылға бірден бекітіп, бюджеттен ақша бөлгізу. Сонда талапкерлердің қандай мамандыққа түсуге болатынын ойлануға уақыты жетеді. Алайда, Сағадиевтің жоспары әзірге сөз жүзінде ғана.

  "Басымдық берілетін мамандықтардың гранттар тізімі кеш жарияланады. Бізде министрліктер мен әкімдіктерден кадр тапшылығы бойынша ақпарат жинау жүйесі тым күрделі. Талапкер қысқа мерзімді өз мүмкіндіктерін бағамдап, профильді пән таңдап та үлгермейді", - дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

 

 
Көрілді: 726
Жаңартылған: 16.08.2017 | 16:11
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат