Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Назарбаев Есімовпен EXPO-2017 көрмесін талқылады

16.08.2017 | 12:26
Назарбаев Есімовпен EXPO-2017 көрмесін талқылады

   Мемлекет басшысы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

   Кездесуде Қазақстан Президентіне "ЭКСПО-2017" көрмесінің өту барысы жөнінде баяндалып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін нысандарын пайдалану туралы ұсыныстар айтылды. Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевқа көрме мен павильондарға келушілер саны туралы мәлімдеді. "Көрмеге үш айда 2 миллион адамның келуі жоспарланған болатын.   Бүгінде келушілер саны 2,5 миллионнан асты. Халықаралық павильондарға 5 миллионнан астам адамның келуі көзделген болса, қазір оларды 20 миллионға жуық адам аралап көрген. Келушілер үшін ең танымал павильон - "Нұр Әлем" сферасы. Оған 831 мың турист келген. Көрме соңына дейін бұл көрсеткіш 1 миллионнан асады деп жоспарланып отыр.    "ЭКСПО-2017" көрмесі ашылғаннан бері 68 елдің ұлттық күндері өтті. Сондай-ақ, көрмеге 106 мәртебелі мейман келді, атап айтқанда, 19 мемлекет басшысы, 16 премьер-министр және олардың орынбасарлары, 11 парламент жетекшісі және олардың орынбасарлары, 60 министр және олардың орынбасарлары бар. Шет мемлекеттер өздерінің павильондарын әзірлеуге 100 миллион долларға жуық қаражат жұмсады, - деді Астана "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы.

 
Көрілді: 110
Жаңартылған: 16.08.2017 | 12:34
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат