Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Танымал саясаттанушы: Ішкі істер министрі өз еркімен отставкаға кету керек

12.08.2017 | 18:24
Танымал саясаттанушы: Ішкі істер министрі өз еркімен отставкаға кету керек

    Өткен апта полиция қызметкерлерінің жағымсыз жаңалығына толы болды. Тәртіп сақшыларын «қорғаушы емес - қорлаушы» деген ел-жұрттың арыз-шағымы, қала берді жанайқайы әлеуметтік желінің басты тақырыбына айналды. Жығылғанға жұдырық болғандай кешегі Тараздағы лауазымды полиция қызметкерлерінің пышақтасуы бүкіл бір ведмостваның бет пердесін шешіп бергендей. Осы ретте NUR.KZ елдегі құқық қорғау органындағы болып жатқан жайттардың сәйкестік пе әлде олқылық па екенін білу үшін танымал саясаттанушы Айдос Сарымның пікірін білді.

   «Елдегі қылмысты азайтамыз деп полиция мыңдаған камера қойды. Нәтижесінде сол бейне бақылау камерасына өздерінің былықтары түсіп, әшкере болып жатыр. Тәртіп сақшыларының қылмысына қатысты жаңалық күніне бір рет шығады. Бұл өте қауіпті. Асылып өлген де, бір-бірімен пышақтасып жүрген де, біреуді тапсырыспен өлтірген де полицей. Қарап отырып біз лаңкестен емес, полициядан қорқатын дәрежеге жеттік», - дейді саясаттанушы.

 
Көрілді: 430
Жаңартылған: 12.08.2017 | 18:27
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат