Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Назарбаев негізсіз халықтың шамына тиюден аулақ болуды талап етті

10.08.2017 | 10:25
Назарбаев  негізсіз халықтың шамына тиюден аулақ болуды талап етті

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев негізссіз халықтың шамына тиюден аулақ болуды талап етті. Әсіресе, құқық қорғау органдарынан. Кабинетіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокурор, Жоғары сот төрағасы мен Ішкі істер министрін шақыртқан президент олардан   жеке-жеке есеп алды.

   Елбасыны ең алдымен қылмыстық істерді қарау кезінде заңды белден басу деректері алаңдатып отыр. Сондықтан, мемлекет басшысы адамдардың құқығының аяқ асты етілмеуін қадағалауға пәрмен берді. Ал сотқа дейінгі істерге бақылау күшейтілетін болды. Тергеу амалдары да барынша жеңілдетілмек.

   "Осы жылдардың ішінде экономиканы модернизациялау жөнінде көп шаруалар іске асырылды. Соның ішіндегі ылғи айтып келе жатқанымыз – құқық қорғау мәселесі. Адамдардың құқығын қорғау. Жұмыс барысында барлық біздің органдар бірігіп халықтың наразылығын тудырмайтындай заң бойынша жұмыс істеу керек. Тексеру мәселесін жеңілдетіп, бірақ заң шеңберінде жұмыс сілтеуіміз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

   Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеп, қарайтын полиция, сот пен прокурорлардың негізгі құзыреті қайта нақтыланбақ.

    Міндеттері бөлінеді. Бұған жауаптыларды тегіс Ақордаға шақырып, өзара кеңескен президент ауқымды реформаны жедел бітіруге де тапсырма берді.

 
Көрілді: 263
Жаңартылған: 10.08.2017 | 10:33
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат