Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Елбасы жаңа тағайындаулар жасады

09.08.2017 | 10:37
Елбасы жаңа тағайындаулар жасады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тағайындаулар жасады, - деп хабарлайды Ақорданың сайты.

   "Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

    Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген жарлық мәтінінде.

   Еске салайық, 2017 жылы 15 ақпанда Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияғы елшісі болып тағайындалған еді. 

 
Көрілді: 599
Жаңартылған: 09.08.2017 | 10:54
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат