Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нұрсұлтан Назарбаев: «Орта Азиядағы интеграцияны арттыру қажет»

Қазақстан Орта Азиядағы интеграцияны Жібек жолы төңірегінде

04.05.2014 | 14:00
Нұрсұлтан Назарбаев: «Орта Азиядағы интеграцияны арттыру қажет»

Қазақстан Орта Азиядағы интеграцияны Жібек жолы төңірегінде топтастыруды ұсынады. Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ішкі өңірлік интеграцияның күшеюі, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикалық интеграция  саласының қарқынды кеңеюі байқалады» деген мемлекет басшысы «Біздің ортақ интеграциялық процесімізді Ұлы Жібек жолын жаңғырту төңірегінде топтастыруға болады. Қазіргі Жібек жолы аумағында шектесетін мемлекеттердің нарығы  өзінің ауқымы мен әлеуеті бойынша теңдессіз болып саналады. Мұнда 3 миллиардтан астам адам тұрады» - деді. Н.Назарбаев Қазақстанның Ортаазиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында  Ауғанстан, Әзербайжан, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сынды елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты жолға қойып отырғандығын баса айтты. Азия даму банкі Басқарушылар кеңесі Астанада өтіп жатыр.

Көрілді: 1915
Жаңартылған: 07.05.2014 | 17:50
Категориялар: Саясат, Спорттағы басты жаңалықтар, Әлем