Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Былапыт сөз айтқан имамның әрекеті әшкере болды

18.04.2018 | 12:27
Былапыт сөз айтқан имамның әрекеті әшкере болды

Өзбекстанның Ферғана облысы, Риштан ауданының имам-хатибы Мухаммаднаби Орипов жергілікті имамдарға мешіт жөндеу үшін Рамазан айы қарсаңында халық садақасынан ақша жинауды тапсырған. 

Былапыт сөзді көп айтатын имам жөнінде Telegram мессенджері арқылы Риштан ауданы мешіті қызметкерінің бірі айтқан. Ол сөздерін дәлелдеу үшін имам-хатиб Мухаммаднаби Ориповтың төрағалық етуімен өткен жиналыстың аудио жазбасын жіберген.Аудиожазбада ер адам өте дөрекі сөздермен жиналысқа қатысушыларды балағаттап отырады.

«Рамазан айына дайындалыңдар. Ақшаны қайдан іздейсіңдер, қайдан табасыңдар, маған қызық емес, бірақ табасыңдар. Б...дь, сылтау айтпаңдар. Мен сендерге жүз пайыз өкілеттік берем», – дейді имам-хатиб Мухаммаднаби Ориповтың дауысына ұқсайтын ер адам.

«Бұл барлықтарыңа қатысты! Анаңның сенің, ақшаны жинаңдар, сосын айлықтарыңды аласыңдар. Егер кімде-кім, біреуге бірнәрсе деп айтса, мен оны бір жерге тығамын. Мұны ешкім дәлелдей алмайды (Осыдан кейін имам-хатиб садақадан жиналған ақшаны жыныстық қатынаспен салыстырады – Ред.). Қазір ақша кетіп жатыр, егер сендер қапты шертсеңдер, болмаса ешкім сендерге ақша бермейді. Тіпті байлар да ақша бермейді», – дейді имам-хатиб.

«Мухаммаднаби Орипов өте тәрбиесіз адам. Жергілікті имамдар оның былапыт сөздеріне үйреніп алған" – дейді Риштан мешіті имамының бірі.

Ал Мухаммаднаби Орипов «Озодлик» тілшісіне берген сұқбатында өздерінің мешіттерін таза ұстау үшін имамдарды сынға алдым дейді.

Білмеймін. Менің сынағаным рас, бірақ оларға былапыт сөз айтпадым. Мен олардан мешітті жөндеп, таза ұстауды талап еттім", – дейді ол.

 

Nur.kz

007

 
Көрілді: 1071
Жаңартылған: 18.04.2018 | 13:56
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар