Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Хиджап кигендер қудаланбайды

10.08.2017 | 11:01
Хиджап кигендер қудаланбайды

    Тәжікстанда хиджап киген әйелдерге айыппұл салынбайды. Құқық қорғау органдары олармен тек түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі ел арасында қызу талқыға түсе бастаған мәселеге осындай түсінік берді.

   Министрлік баспасөз қызметінің басшысы Умарджони Эмомалидің мәлімдеуінше, милиция қызметкерлері өзге мәдениеттің киімін кигені, сонымен бірге ұсқынсыз киінгені үшін айыппұл салмайды. "Қазір түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, билік әйелдерге хиджабтың тәжік дәстүріне жат екенін түсіндіреді", - деді ол.

   Жақында "Азия плюс" агенттігі Душанбеде адамдар көп шоғырланған орындарда хиджаб киген әйелдерді тексеру жүріп жатқанын хабарлаған. Шохмансұр базарындағы бір сатушы әйелдің айтуынша,  тексерушілер «хиджап кигендерге 1 мың сомониге дейін айыппұл салынады» деп қорқытқан көрінеді.

    Тәжікстан үкіметіндегі Әйелдер ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Мархабо Олимидің айтуынша, билік тәжіктердің діні мен ұлттық мәдениетіне қайшы келетін жат ғұрыптармен, ашық-шашық киімдермен күресе бастады. Комитеттің жұмыс тобы "хиджабтың жат мәдениеттен келгенін" түсіндірумен айналысады.

"Рейтинг" газеті

 
Көрілді: 798
Жаңартылған: 10.08.2017 | 11:05
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар