Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанда хиджаб пен паранжаға тыйым салынуы мүмкін

04.08.2017 | 14:56
Қазақстанда хиджаб пен паранжаға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті жабатын киім киюге тыйым салу заңнамасы талқылау үстінде.

Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді деп хабарлайды stan.kz.

«Қоғамдық орындарда бетті жабатын киім киюге заң жүзінде тыйым салу туралы ұсыныс түсті. Бұл қазір халықаралық тәжірибеде бар», – деді министр.

Министр бұл ұсыныстың азаматтық қоғам атынан түскенін атап өтті.

«Осылай киінетін адамдар қоғамда қалыптасқан рухани құндылықтарға қарсы шығады. Олар өзгелерге кері әсер етеді», – деді Ермекбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл тыйым сарапшылардың талқысында. Қандай да бір өзгертулер де болуы мүмкін.

 
Көрілді: 370
Жаңартылған: 04.08.2017 | 15:00
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар