Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Дін істері министрі "Иегова куәгерлерін" елден аластата алмайтынын айтты

21.07.2017 | 14:41
Дін істері министрі

«Иегова куәгерлері» елімізден аластатылмайтын болды. Экстремистік қауіпті топқа жатпайтындықтан, қоғамдық ұйым әрі қарай жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Қазақстан Конституциясына сәйкес аталмыш діни бірлестіктердің өзгелермен құқығы тең екен. Сондықтан, бұл ұйымның жұмысына ешкім кедергі келтіре алмайды.

 

«Террорлық әрекетерге қарсы қолға алынған іс-шараларды арнайы комиссия, құқық қорғау мен құзырлы органдар тексереді.Олар өз тарапынан қажетті талаптардың сақталмағанын анықтаған. Ескерту жұмыстары да жүргізілді. Бірақ, олқылықтар дер кезінде қойылмаған. Сондықтан іс сотқа жолданды. Нәтижесінде, бірлестіктің жұмысы 3 айға дейін тоқтады», - деді Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министр сонымен қатар елімізде жаппай екпе егу мәселесін енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс министрлікте бұрыннан талқыға түсіп келеді. Дегенмен, нақты шешім жоқ. Сондықтан ведомство жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр.

 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Астана қаласында 11 жастағы қызға қан құйылған болатын. Анасы өз тарапынан қан ауыстыруға үзілді-кесілді қарсылық танытқан. Кейіннен оның «Иегова куәгерлері» қатарында екені анықталды.

 

Дереккөз: Nur.kz

 
Көрілді: 777
Жаңартылған: 21.07.2017 | 14:46
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар