Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әбдірахым Юлдашев, шырақшы: Адамдар әруақтарды сыйлаудан қалды

17.07.2017 | 12:34
Әбдірахым Юлдашев, шырақшы: Адамдар әруақтарды сыйлаудан қалды

Шымкентте 8 ғасырлық тарихы бар «Сыпырған ата» қорымы аяқасты болып барады. «Бекжан» базарының жанында орналасқан мазардың қазіргі жағдайына осы маңдағы тұрғындарды алаңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Ескі қорымның шырақшысы Әбдірахым Юлдашевтың сөзіне қарағанда, саудагерлер базарға баратын жолды қысқартып, мазардың қақпасын ашып алған. «Базар сатушылары бейіттердің жанынан жүріп өтіп, марқұмдар жатқан жерді басып өтуде. Ол аздай осы жерді жағалай әдепсіз әрекеттер жасайды. Жастар құшақтасып тұрады. Арақ-шараптың бөтелкелерін, қоқыстарын тастап кетеді. Оларға қанша айтсаң да тыңдамайды. Адамдар әруақтарды сыйлаудан қалды», - дейді шырақшы. Оның сөзін жергілікті тұрғындар да, мешіттің имамы да растап отыр. 800 жылдық тарихы бар қорым тарихи маңызға ие. Онда кезінде Әмір-Темірдің кезінде сарбаздар жерленген екен. Жергілікті халық мәселені көтеріп, Абай ауданының әкімдігіне өтініш түсіріпті. Одан нәтиже шықпаса қала, облыс әкіміне шағымданамыз деп бекініп отыр.

 

 
Көрілді: 939
Жаңартылған: 17.07.2017 | 12:38
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар