Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мешіттердің бірінде әйел адам бас имам болып сайланды

20.06.2017 | 21:07

Берлинде Ибн-Рушд пен Гетенің атындағы мешіт ашылды деп жазады Qamshy.kz агенттігі. Бір қызығы, мешіттің имамы германдық феминист және құқық қорғаушы, түрік тумасы Сейран Атес есімді әйел. Ғимараттың ерекшелігі ер адамдар мен әйел адамдар бір бөлмеде намаз оқиды, оның үстіне мешітке келушілерге хиджап кию міндеттелмеген. 

Орта ғасырдағы араб философы мен неміс ақынының есімі берілген мешіт қасиетті Иоган атындағы Евангель шіркеуінің 3 қабатында орналасқан. Сейран Атестің айтуынша, "жаңа дінді жасап жатқан жоқ, керісінше исламдағы мезгілі жеткен реформаны қайта жандандырмақ" екен.

pogudx2imdu09qpag.31c06fd1

"Христиан және будда әйелдері теңдікке қол жеткізу үшін бірнеше ғасыр жұмсады, енді мұсылман әйелдерінің кезегі келді", - дейді ол.

Оның үстіне, енгізген тағы бір жаңалығы бар екен – «либералды мешітке» гейлер мен лесбилерге де орын табылатын көрінеді.

 «Исламның түрлі деноминацияларымен, шейіттер, суфилер, сәләфиттер, сүннеттермен бірге құдайға құлшылық жасауда, бәріміздің бір бөлмеде болғанымыз маңызды», - деп қостады құқық қорғаушы-имам.

Ерекше мұсылман ғимаратының ашылу рәсіміне швейцариялық құқық қорғаушы және феминист Саида Келлер-Мессахли қатысты. Ол Сейран Атестің бастамасын қолдап отыр. Айтуынша, бүгінгі таңда ислам радикализм мен фундаментализмді басынан кешуде.

«Либералды мешітті» құру үшін Сейран Атестің 8 жыл уақыты кетіпті, оның бастамасын қолдаған бірнеше мұсылман әйелді ашық қолдаудан жүрексініп, алғашқы намазға келмеген көрінеді. Берлиннің өзге мұсылмандарының не ойлайтыны әлі белгісіз, олар қандай да бір пікір беруден бас тартып отыр.

Алайда, Иоган шіркеуі орналасқан ауданның тұрғындары ислам фундаментализмі тарапынан шабуылдар жасала ма деген қауіптерін ашық айтты. Оған Сейран Атестің жауабы дайын болды.

Ол әрдайым мемлекеттік органдармен, сондай-ақ полицей қызметкерлерімен үздіксіз байланыста болатынын айтып сендірді. Жақын арада қауіпсіздік шарасы күшейтілетінін айтты. Құқық қорғаушы өзін демократ санайды және "демократия әркімге сеніммен өмір сүруге мүмкіндік береді" дейді.

 
Көрілді: 12013
Жаңартылған: 20.06.2017 | 21:29
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар