Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

I топтағы мүгедек: Менің мақсатым жәннатқа кіру

16.06.2017 | 09:11

  Туа біттті сал ауруына шалдыққан Асыл есімді жігіттің жерде жатып намаз оқығаны қазақ жұртын тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы Асыл арнаға сілтеме жасап.

  Мүгедек азаматтың ақыл-есі дұрыс болғанымен, дене мүшелері толықтай икемсіз. Яғни, қолы бүгілмейді, алақаны ашылмайды, өздігімен тіпті отыра да алмайды екен. Денсаулығы жоқ болса да бес уақыт намазын қаза қылмайтын азматтың арманы «Жәннатқа кіру».

Науқас жігіттің дәрет алуына бауырлары көмектеседі. Олар жатын бөлмеге құманмен су әкеліп, Асылды жуындырып, намазға дайындайды.

«Фатиха сүресін 12 жасымда жаттадым. Кішкене кезімнен бет бұрдым намазға. Маған Алла тағала түптің-түбінде жәннәтқа кіресің, бірақ өмір бойына мүгедек боласың десе де разымын. Менен де төмен адамдар бар (намаз оқуға шамасы жоқ. Ред). Соларға қарап шүкір етемін»,- дейді Асыл.

 
Көрілді: 938
Жаңартылған: 16.06.2017 | 10:13
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар