Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Атырауда екі имам төбелесіп қалды

13.06.2017 | 16:15

Өткен аптада Атыраудағы мешіттердің бірінде төбелесіп қалған имамдарға қатысты ҚМДБ пікір білдіріп, екі имамның қызметінен қуылғанын мәлімдеді. Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында орналасқан «Зинеден Құрасұлы» мешітінің бас имамы Құрметқали Бақтығұлов пен наиб имам Қанайбек Салиев дін қызметкерінің этикасын бұзғаны үшін жұмыстан босаталды.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі аталған азаматтардың қызмет барысында сөз таластырып, келіспей қалғандығын анықтады.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын 2017 жылдың 22 мамырында болып кеткен оқиға туралы объективті ақпарат беруге шақырады, - делінген ҚМДБ таратқан баспасөз парақшасында.
 
Дереккөз: Nur.kz
 
Көрілді: 545
Жаңартылған: 13.06.2017 | 16:26
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар