Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақтар қара киімді кісі өлгенде ғана киген (видео)

19.04.2017 | 22:01

Қазақстан президенті Н.Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесті. Кездесуде мемлекет басшысы ұсқынсыз сақал қойып, балағын шорт кесіп тастайтындардың әрекетін сынап, мұндайға заң жүзінде тыйым салу қажет екенін ескертті.

Президент былай деді: «Соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп тастайтын болды. Бетін тұмшалап бүркеп, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана-сезімімізге де, дәстүрімізге де жат. Қазақтар қара киімді кісі өлгенде ғана киген. Үйдің иесі өлді немесе бала-шағасы қырылды деген сөз...»

 
Көрілді: 503
Жаңартылған: 19.04.2017 | 22:04
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар