Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Белгілі исламтанушы мешітке аяқ киіммен кірген шенеуніктерге қатысты пікірін айтты

11.04.2017 | 17:25

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «шенеуніктердің» мешітте аяқкиіммен түскен суреті көпшілік арасында қызу талқыға түсіп, дау тудырып, арты діни дүрдараздыққа ұласуда.

«Kazislam» порталының меншікті сарапшысы, исламтанушы Ершат Оңғаров осы мәселенің мән-жайын анықтап берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. "Мешітке ешқандай «шенеунік» еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері аяқкиіммен кіріп аралаған емес. Ылайым бұдан кейін де солай болады. Ал, көпшіліктің талқысына түсіп, дау тудырған суретке келсек, ол – мешітке келетін ресми қонақтарға арналған «сүйретпе» (тәпішке). Шалбардың балағынан шығып тұрған тұмсығы туфлиге ұқсаған сүйретпе көзге сырт аяқ кіиімі болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл сүйретпелер мешіттің ішкі тәртібі мен әдебіне, мешіт дресс-кодына сай таза киім болып саналады. Осыған ұқсаған сүйретпелерді мешіт қызметкерлері де киеді",- дейді ол.

0060

 
Көрілді: 879
Жаңартылған: 11.04.2017 | 17:35
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар