Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мәскеудегі гүлзарға Ислам Каримовтың есімі берілді

02.11.2016 | 12:11

 

Мәскеу билігі Якиманка ауданындағы гүлзарға Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің атын беру жөнінде қаулы қабылдады.

Кәрімов атындағы гүлзәр Большая Полянка мен Бірінші Казачий тұйық көшесінің қиылысында ашылатын болады.

Мәскеу әкімшілігі осыған дейін Кәрімовтің атына гүлзарға беру туралы ұсынысты Ресей және Өзбекстанның мәдени және ғылым қайраткерлері, саясаткерлер көтергенін айтқан.

Ислам Кәрімов 79-ға қараған шағында дүниеден өтті. Оның өлімі жайында ақпарат биылғы жылдың 29 тамызында белгілі болды. Бірақ Өзбекстан президентінің өлімі жайлы ресми ақпарат 2 қыркүйекте жарияланды.

Ресей президенті Владимир Путин 6 қыркүйекте Самарқанға келіп, Кәрімовтің басына зиярат етті. Жерлеу рәсіміне Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведов келді.

Кәрімов президент орынтағында 27 жыл отырды.

 
Көрілді: 644
Жаңартылған: 02.11.2016 | 12:12
Категориялар: Құбыла, Басты жаңалықтар