Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Сейтжановтың жұрт білмейтін қандай құпиясы бар?

14.12.2017 | 10:37
Сейтжановтың жұрт білмейтін қандай құпиясы бар?

    Шымкентте аса ірі көлемде ақша бопсалау дерегіне қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды Астана арнасы. Бөкейхан Қайыпназаров есімді азамат танымал кәсіпкер Серікжан Сейтжановтан 7 миллион АҚШ долларын талап еткен.Тергеу мәліметіне сай, сотталушы сәуір мен шілде айы аралығында  кәсіпкердің ұялы телефонына бірнеше рет хабарлама жіберіпті. Егер ірі көлемдегі қаржыны бермесе Сейтжанов пен оның туыстарына қатысты мәліметтерді ғаламторға жариялайтынын жазған.

123

      Прокурор сотта Сейтжановтың айыпталушыға ешқандай берешегі болмағанын жариялады. Яғни, ол пайдакүнемдік мақсатта мол қаржыны иемденбек болған. 15-тамызда ақшаны алып жатқан кезінде қолға түседі. «Mercedes-Benz» маркілі автокөлікте ақша алу барысында Қайыпназаров ұсталған. Оның үстіндегі киген көк түсті джинси шалбарының қалтасынан 20 мың АҚШ доллары тәркіленіп алынды. Барлық купюралар реестрмен сәйкес келген. Артқы багажынан 3 млн. АҚШ доллары  (муляж) тәркіленіп алынды. Ол өзінің іс-әрекетімен ҚР ҚК  194 бабының 4 бөлігі 2 тармағында көрсетілген  қылмыстық құқықбұзушылық жасаған", - дейді мемлекеттік айыптаушы Балғабай Сеңгірбаев.

    Айта кетейік, Серікжан Сейітжанов «Forbes» дерегі бойынша еліміздегі елу ықпалды бизнесмендер тізімінде 18-ші орында тұрған адам.

    Көпшіліктің көкейінде тұрған бір сауал, 7 миллион доллар пара сұратқызатындай бұл Сейтжанов пен оның туыстарына қатысты  нендей мәлімет? Облыстың ең дәулетті азаматтың ішіне бүккен нендей құпиясы бар еді? 

 

Б.Ерназар

"Рейтинг" газеті, желтоқсан, 2017 жылы

 
Көрілді: 882
Жаңартылған: 14.12.2017 | 10:41
Категориялар: Өз сөзім, Басты жаңалықтар