Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әміржан Қосанов, саясаткер: Пантеоннан орын жоқ!

02.06.2017 | 08:06

Үкіметтің 29 мамырдағы жарлығымен Астанадағы ұлттық Пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды. Ережеге сәйкес, Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелеріне, премьер-министрлер мен олардың орынбасарларына, парламент палатасы төрағалары мен олардың орынбасарларына, мемлекеттік хатшыларға, президент әкімшілігі басшыларына, конституциялық кеңес, ұлттық банк және жоғарғы сот төрағаларына пантеон аумағынан топырақ бұйырады.

Министрлер мен президентке тікелей бағынатын мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімдері, облыстық маңызға ие қала әкімдері, астана әкімдері де осы пантеонға жерленеді.

Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов әлеуметтік желідегі парақшасына осы тақырыпқа бірнеше жазба жариялады. Сол жазбалардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Пантеон – жалғыз, қорым – көп,

Шешім шықты – көңіл тоқ:

Оппозиция болсаң сен –

Пантеоннан орын жоқ!

P.S. Тіріде шенеунікпен жақсы болмасаң, өліде олармен бір қорымда жатпайсың...

***

Күлесің бе, жылайсың ба...

Үкімет Пантеонда жерленуге тиістілердің тізімін жариялады. Енді олардың кезегін анықтау ғана қалды...

***

Бұдан былай істі болған шенеуніктерге қатысты сот үкіміне «Пантеонда жерлену құқығынан айырылсын» жаза енгізіледі.

***

Бір қорқатыным – енді облыстарда осындай Пантеондар салып, олар өз тізімін бекітіп жүрмесін. Біздікілерден ол да шығады!

***

Пантеон.

Өмір бойы халықтың есебінен өмір сүрді. Өлгенде де халықтың есебінен жерленбек...

***

Шенеунікке арналған қарғыс: Пантеонда көмусіз қал!

***

– Біздің шенеуніктер... фараондарға ұқсайды.

– Е, неге?

– Фараондар да көзі тірісінде моласын салып кетті ғой...

 
Көрілді: 540
Жаңартылған: 01.06.2017 | 14:10
Категориялар: Өз сөзім, Басты жаңалықтар