Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Танымал журналист "пәктігін" жасатып алған қызды жұртқа жария қылған Ләйлә Сұлтанқызына ашуланды

12.04.2017 | 16:34

Танымал журналист Арман Сқабылұлы "Қазақстан" арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасын сынның астына алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

"Әдейі "Әйел бақыты" секілді бағдарламалар үшін жариялап отырмын. Бұдан артық қандай сөз керек сіздерге, Ләйла Сұлтанқызы! Батысқа еліктемейікші!

 

Біресе, жынысын ауыстырған кейіпкерді жарнамалап, кеше ғана "пәктігін" жасатып, оны жігіті біліп қойған қызды бүкіл елге жария қылдыңыздар. Бүйткен рейтингтерің құрысын! Жүрсін енді жүздеген қыз "пәктігін" сатып алып...

Сендерді кез-келген ата-ана сотқа берсе болар еді. Ұлтқа тәрбие береді деген "Ұлттық арнаның" сиқы осы", - деп наразылығын білдірді ол.

Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары да оны қоштады.

 

"Осындай деңгейдегі адам "Балапан" арнасын басқарады. Масқара ғой", - деп жазды журналист Дина Елгезек.

Ал ақын Аманхан Әлімұлы:

"Арман, өте орынды мәселені көтергенсің және оны жөн-жосығымен тілге тиек етіп отырсың! Шынында да,"Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту".

Ондай болмаған жағдайда, өзің ой білдіріп, пікір айтып отырғандай кетік-кемшілікке жол беріп, "батысшылдықтың балалық ауруына" ұшыраймыз. Кім көрінгеннің, не болса соның жетегінде кетеміз. Ол деген сөз жақсы мен жаманды ажырата алмайтын, дәстүрден қол үзіп, ұлттық әдет-ғұрып, салт- дәстүрден, сана-сезімнен ада, өзіндік даму үлгісі жоқ ұлтқа айналамыз", - деп жазды.

Айта кету керек, "Әйел бақыты" бағдарламасының өткен саны пәктігін қолдан жасап алған қыздар туралы болған еді.

 
Көрілді: 4341
Жаңартылған: 12.04.2017 | 16:41
Категориялар: Өз сөзім, Басты жаңалықтар